supernaturalserial.ru - Сценарии праздников
Сценарии праздников, сценарии дня рождения, сценарии свадьбы, сценарии вечеринок, сценарии корпоративов, сценарии мальчишников, девичников
СЦЕНАРИИ
ДРУГОЕ

ИНФОРМАЦИЯ
supernaturalserial.ru - сайт для тех, кто хочет организовать и провести интересно праздник.

Утренник на день независимости Казахстана - 16 декабря

Утренник на день независимости Казахстана - 16 декабря
Категория: Сценарии на Казахском языке

16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным—Қазақстан» атты ертеңгілік
Сабақтың мақсаты:


1) Балаларға тәуелсіз мемлекет туралы түсінік беру мақсатындағы сабақта олардың, Отанға деген сүйспеншіліктерін арттыру.
Қазақстан Республикасының мемлекетік рәміздері:
Елтаңба, ту, әнұран туралы білімдерін қалыптастыру.
Отан туралы тақпақ. Мақал-мәтелді жатқа айтуға үйрету. Потриоттық
сезімге баулу.
2) Балалардың тіл байлығын ой - орісін,сөзді байланыстырып сөйлеу
қабілеттін дамыту.
3) Елімізді, жерімізді қадірлеуге,сүйюге тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! «Менің Отаным - Қазақстан».
ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Тәрбиеші: Мемлекет басшысының алғашқы маңызды заң актілерінің бірі – 1991 жылдың 10 желтоқсанда қол қойылған «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының аталуын өзгерту туралы» заң. Бұл заң бойынша Қазақ КСР - і бұдан былай Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.
1991 ж. 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заңға қол қойып, 1991 жылдың 1 желтоқсанында жалпыхалықтық сайлау өтіп, Нұрсұлтан Назарбаев Президент болып сайланысымен 16 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» заңға қол қойып, жаңа тәуелсіз мемлекеттің егемендігін жариялады.
1997 ж. 20 қазанда Н. Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды (қ. Астана).
Отан дегеніміз - біздің еліміз, туып өскен жеріміз, жақындарымен біргетұратын атамекені. Көптеген адамдар еңбек етеді өмір сүреді.
Тәуелсіздік үшін қаншама азаматтарымыз, ардақты ағаларымыз ақылды жастарымыз ғұмырларын күреске арнап Тәуелсіздік жолында құрбан болған Ләззат, Сабира, Ербол, Қайрат есемді азаматтарымыздың рухына бас иіп орнымыздан тұрып 1 минут еске алайық!
Абылай: Бостандық білсен біздерге
Оңайлықпен жеткен жоқ
Желтоқсанда төгілген
Қанның орны кеткен жоқ
Амина: 16 желтоқсан
Ел мерекесі тасыған
Қазақ деген қалың жұрт
Бәрін кешті басынан
Арсен: Енді міне бізТәуелсіз ел болдық
Басқалармен терезесі тең болдық
Әр қашанда біз дайынбыз тай салмай
Отан үшін болуғада құрбандық
(Музыка ырғағымен Алтын адам кіреді).
Алтын адам: Сәлеметсіңдер ме балалар!
Тәрбиеші: Сәлеметсің бе Алтын адам. Мерекемізге қош келдіңіз балалар, қарандаршы бізге қонаққа Алтын адам келді. Бұл - Алтын адам деген атқа ие болған ғажайып ескерткіш. Оның салтанатты бас кимі, беш беті әшекейлермен безендірілген, қару жарағы алтынмен көмкерілген оның Алтын адам аталуыда содан Алтын адам ескерткіші 5 ғасырда Есік қаласында табылған.
Алтын адам: Баршаңызды Тәуелсіздіктің мерекесімен құттықтаймын!
Тәуелсіздік мәңгілікке сақталсын
Алдымызда барлық үміт ақталсын
Тату тәтті тірлік болып
Бибіт өмір барлық халықпен жақталсын
Тәрбиеші: Алтын адам сізге көп-көп рақмет!
Алтын адам мен сендердің еліміз, жеріміз, отанымыз жайлы білімдеріңді тексергім келеді.
Тәрбиеші: Төрлетіңіз Алтын адам балаларымыздың өнерін тамашалаңыз
Жазира: Отан- деген атамекен
Отан- деген туған жер
Отан ана, Отан үлкен
Отан үлкен, туған жер
Қазақстан туралы не білеміз? Дұрыс әрі тез сұраққа жауап беру.
1. Біздің тұрып жатқан Отанымыз қалай аталады? Қазақстан Республикасы.
2. Қазақстан Республикасы Президенті кім? Н.Ә.Назарбаев.
3. Қазақстанның бас қаласы қалай аталады? Астана.
4. Әнұранымыздың сөзін жазғандар кімдер?(Әнұраның сөзін жазғандар Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімиденов, әнін жазған Ш,Қалдаяқов.)
5. Қазақстанның туының түсі қандай?
6. Елтаңба неге ұқсайды, онда не бейнеленген? Өзіміздің елімізді, жерімізді қорғап аялауымыз керек. Сол кезде еліміз гүлденіп, көркейеді.
Алтын адам: Тамаша балалар менің бір сұрағыма жауап беріңдерші?
Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіздер ме ?
Тәрбиеші: Рәміздерім елдігімнің белгісі
Білу керек балаға дейін ең кіші
Әнұран, Көгілдір Ту,Елтаң ба
Рәміздерді жатқа білсін әр кісі
- Балалар елтаңба қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
- Ортасында не бейнеленген? Шаңырақ. Биік, мықты дегенді білдіреді.
- Шаңырақтың жанында не бейнеленген? Қазақ халқының киіз үйінің шаңыраққа шаншып қойған уықтар бейнеленген.
Уықты тәуелсіздік ел болдық, босағамыз берік болсын деген мағынада.

Шаңырақ пен уық
Тәрбиеші: – Екі жағында қандай жануарды суреттеген?
Балалар – Қос пырақ
Тәрбиеші: – Киелі қос тұлпар адам баласының досы.
Жоғарғы жағында не тұр?
Балалар – Жұлдыз.
Тәрбиеші: Барлық елімізге құшағымызды ашықтығын білдіреді. Елтаңбаның аяқ жағында Қазақстан деген жазу. «Қош келдіңіз, бізге дегенді айтып тұрғандай».
Елтаңбаны спорт ойыншыларының киімінде болады. Олардың біз киімдегі таңбаны көріп, Қазақстан азаматы екенін білеміз. Әр елдің ту,елтаңба, әнуран болады.
- Елтаңбаға байланысты тақпақ.
Абылай
Тәуелсіздіктің жолында,
Талай – талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім – Елтаңбам.
Алихан
Тұнығындай қоңілдің,
Ортасында аспан әлемі.
Құт береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны туралы түсініктеме.
Әнұранымыз мемлекет басшылары бір – бірімен кездескенде, үлкен жиналыстардың ашылуында, сабақта әр күні таңертең айтылады.
Әнұраның сөзін жазғандар Н.Ә.Назарбаев, Ж.Нәжімиденов, әнін жазған Ш,Қалдаяқов.
-Әнұранды орындау.
-Әнұран туралы тақпақ.

Алтын адам: Жарайсыңдар балалар ҚР Мемлекеттік туының түсі қандай?
- Туымыздын түсі қандай? Көк түс тазалықты, шындықты белгілейді.
- Ортасында не бейнеленген? Күн. Күннің жылжуымен уақыт, апталар,айлар өлшенеді.
-Күннің астында қандай қыран құс бейнеленген. Бүркіт.
- Тәрбиеші: аспанда ұшып еркін бостандықта жүрген қыран бүркіт құсы бейнелеген. Сол сияқты балалар, біз де бостандықта жүрміз. Еркіндіктің, тәуелсіздіктің белгісі.
- Шетінде ұлттық ою бейнеленген.
copyright - http://supernaturalserial.ru
Ту туралы тақпақ Уали
Аспан түстес көгілдір,
Тік бұрышты матаның.
Ортасында төгіп нұр,
Күн жаяды шапағын.
Арайлым
Астында оның қалықтаған
қыран құстың бейнесі.
Азат елдің шалқыған,
Көңілді деп білерсің.
Көрініс: «Баланың түсі».
Бала ұйықтап жатады періште қолына шырақ жағып келеді
Періште(нұрай): Әй балақай тұрсаңшы таң атып қалды шырыққа қарашы бұл саған берілген бақыт құсы.
Бала Абылай: Әже әже шыраққа қарашы ұстап алайықшы.
Әже (Арайлым): биссимилла неге шошындың бала?
Бала (Абылай): Әже, әже көп түс көрдім, әже көп жарық күнді көрдім.
Әже (Арайлым): Е балам ол сенің бақытың балам Тәуелсіздігімнің мәнгі жарық күні.
Бала (абылай): Ендеше жолдастарымнан сүйінші сұраймын?
-Алақай, сүйінші! Тәуелсіздіктің таңы атып келеді!

Би: «Ақ қу» Арайлым, Нұрай, Айкоркем, Томирис Алтын адам Жарайсыңдар балалар.
Өзіміздің жеріміз, еліміз теңіміз бар 2. Туымыз, Елтаңба, Әнұран теңіміз бар. Елімізді басқарып отырған ел басымыз Н.Ә.Назарбаев бар.
Алтын адам: Жарайсыңдар балалар
Жыр арнадым елім тебірене
Үміт артам елімнің ертеңіне
Отаным жылдан жылға көркейеді
Тілимін әр адамға бақыт қонсын
Елімде тыныш бибіт заман болсын
Тәрбиеші: Рахмет сізге Алтын адам!
Сіз бізге мәңгі ескерткіш болып қалыңыз.
Менің елім- Тәуелсіз
Менің елім-кең байтақ
Менің елім –көп ұлтты мемлекет
Менің елім-қонақ жай
Менің елім-дарқан ел
Менің елім ҚР Тәуелсіздігі жасасын
Ойын.
«Сөз ойлан, тез ойлан» ойын жаттығуын ұйымдастыру. Балалар 2 топқа бөлінеді.
1-топ – «А» әріпттен басталатын жеміс – жидектер, қаланың атын атаса,
2-топ – адамның, үй жануарлардың, аңдардың аттарын атау керек.
Әр бір жауапқа бір – бір асықтан беріледі. Ойын соңында қай топ асық көп жинаса, сол топ озып шығады
Отан туралы.Мақал- мәтел айтқызу.
«Бірлік болмай, тірлік болмас».
«Отансыз адам- ормансыз бұл-бұл».
«Ел іші-Алтын бесік».
«Туған жердін қадірін,
шетте журсең білерсің».
Құрметті қонақтар! балалар «Менің Отаным—Қазақстан» атты ертеңгілігімізді тамашалағаңыздарға рахмет!


Сағашилі орта мектебінің
«Ақниет» шағын орталық
тобының тәрбиешісі
Алиева М.Н .


Автор: Алиева Машук Нурлыбековна, Казахстан, Актюбинская область, Мугалжарский район, село Сагашили.
Отправить ссылку в Одноклассники, Вконтакте, Мои мир, Facebook
Нравится
    Другие новости по теме:

СЦЕНАРИИ ПРАЗДНИКОВ
ТЕМАТИЧЕСКИЕ СЦЕНАРИИ
ДЕТСКО-ШКОЛЬНЫЕ СЦЕНАРИИ
СЦЕНАРИИ ВРЕМЕН ГОДА
СЦЕНАРИИ НА ЯЗЫКАХ
ОРИГИНАЛЬНЫЕ СЦЕНАРИИ
КОНКУРСЫ
ПОДАРКИ
СЧЕТЧИКИ


Яндекс.Метрика